Ұлыбритания қауіпсіз аймақ деп саналатын «жасыл тізімнен» Португалияны шығарып тастады. Бұған өңірдегі эпидахуалдың нашарлауы себеп болған.
Өз кезегінде Португалия премьер-министрі Ұлыбританияның бұл шешімін қатаң сынға алып, Лондонға Еуропада мақұлданған цифрлық сертификат үлгісін енгізуді ұсынды. Айтуынша, бұл халықтың қозғалысын шектемеуі үшін қажет.
Енді санитарлық ереже бойынша бүгіннен бастап Португалиядан келетін кез келген британдық 10 күн карантинде отырып, екі мәрте коронавирусты анықтайтын тест тапсыруы тиіс. Заңдағы өзгеріске Португалияда демалып жүрген Англия тұрғындары наразы. Туристер еліне жоспарланған мерзімнен бұрын қайту үшін Фару халықаралық әуежайында билеттерін ауыстыра бастады.
Пандемия басталғалы Португалияда 853 мың жағдай тіркеліп, 17 мыңнан астам адам ажал құшқан.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?