АҚШ президенті Джо Байден Қытайдың 60 компаниясын қара тізімге қосты.
2 тамызда күшіне енетін құжат бойынша АҚШ-тың кез келген азаматы тізімге енген компаниялардың ешқайсына инвестиция сала алмайды және құнды қағаздарын сатып алуға тыйым салынады. Байденнің айтуынша, бұл компаниялар АҚШ тың ұлттық қауіпсіздігіне және демократиялық құндылықтарына нұқсан келтіреді.
Батыс елдерінің Қытайға санкция енгізуінің негізгі себебі – Шыңжаң геноциді болатын. Осы ретте АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдемесінде «одақтастарымызбен Қытайдың қылмысын тоқтату үшін, қысым көргендерге әділеттілік үшін әрекетін жалғастыра береміз» деді. Блинкин Бейжіңнің Шыңжаңдағы әрекетін «адамзатқа қарсы геноцид әрі қылмыс» деп санайды.
Наурызда Еуропа одағы Шыңжаңдағы мұсылмандардың құқығын бұзып, қысым жасап жатқаны үшін Қытайға санкция салған. Бұл бастамаға АҚШ, Ұлыбритания және Канада да қосылды. Батыс санкциясына сай, Қытайдың төрт шенеунігі ЕО, АҚШ, Канада және Ұлыбританияға кіре алмайды, олардың активтері де бұғатталды.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?