Қырғызстанда кезінде жоғары лауазымда болған бірқатар шенеунік қамауға алынды. Құмтөр ісі бойынша қамалғандардың қатарында елдің бұрынғы премьер-министрі Өмірбек Бабанов, парламенттің бұрынғы спикері Асылбек Жээенбеков, Жоғарғы кеңестің бұрынғы депутаттары Исхак Пирматов пен Талант Узакбаев бар.
Олар алтын өндіретін «Кумтор» кен орнымен жемқорлық қатынаста болған деген күдікке ілінген. Көрші елдің арнайы қызметтері егер алаяқтыққа қатысы дәлелденсе, тіпті бұрынғы президенттерді де жауапкершілікке тартуға дайын.
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев: «Қажет болса, бұрынғы президенттерді де жауапкершілікке тартамыз. Мұның еш саяси астары жоқ, кезінде бұл кісілер жоғары лауазымддық мемлекеттік қызмет атқарған және «Кумторда» не болып жатқанын білген», – дейді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қазір «Кумтор Голд компаниге» қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды. Біреуі бойынша тағы бір бұрынғы премьер-министр Мухаммедкалый Абылгазиев қамауға алынған. Ол Ыстықкөл облысында канадалық компанияға жер мен табиғи қорларды бөлу бөлу туралы шешім қабылдаған болатын. Ал қазір жердің бір бөлігі заңсыз бөлінгені анықталды.
2011-2012 жылдары Қырғызстан премьері болған Бабанов 2017 жылы президент сайлауына қатысып, екінші орын алған. Сайлаудан соң ол саяси карьерасын аяқтайтынын айтып, Мәскеуге кеткен еді. 2019 жылы тамызда ол Қырғызстанға оралған.
Құмтөр алтын кен орны 1978 жылы ашылды, бірақ оның құрылысы 90-жылдарының басында ғана басталды. Бұған қырғыз үкіметімен келісімге қол қойған канадалық корпорациялардың бірі қатысты. Осы құжат негізінде акцияларының бір бөлігі Қырғызстанға берілген жеке кәсіпорын құрылды. Кейіннен келісімнің үлестік бөлігін тараптар бірнеше рет қайта қарады.
Мамырда қырғыз парламенті елде жұмыс істейтін концессиялық кәсіпорындарға сыртқы басқаруды енгізуге мүмкіндік беретін заң қабылдады. 17 мамырда парламент кеніште уақытша сыртқы басқаруды енгізу туралы шешімге келді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?