Қазақстан Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы келіссөздерге көмектесуі мүмкін.
Осы аптада Сеулде орналасқан «Асан» саяси зерттеулер институтының директоры Хан Сын Джу Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саясатты зерттеу институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ресми өкілдің айтуынша, Кореяны Қазақстанның ядролық қарудан бас тартудағы бірегей тәжірибесі қызықтырады.
Оңтүстік Кореядағы саяси зерттеулер институтының директоры Хан Сын Джу: «Ядролық қаруға иелік еткен және өз еркімен одан бас тартқан елдер өте аз. Қазақстанда осындай тәжірибе бар және ол үлгі болып табылады. Солтүстік Корея ядролық қарудан арылғысы келмейтінін көрсетіп отыр. Біз тікелей келіссөздер жүргізіп, Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартуға сендіру үшін халықаралық ұйымдардың немесе Қазақстан секілді елдерінің көмегі қажет. Менің ойымша, біз Солтүстік Кореяны қарусыздандыру қарулы қақтығыссыз өтуі керек. Сондықтан Қазақстан мен Корея арасында жасалған меморандумның маңызы өте зор», – дейді.
Былтыр қаңтарда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ядролық қару мен құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағын өткізуге жарияланған мораторий аяқталғаны туралы мәлімдеді. Бұған қоса ол жақын болашақта стратегиялық қарудың жаңа түрін көрсетуге уәде еткен.
КХДР-дің баллистикалық зымыран ұшыруын халықаралық ұйымдар айыптап келеді. 2017 жылы Қазақстан да бұл мәселеде өз ұстанымын білдірген. Ал АҚШ-тың талаптарына Ким Чен Ын Ақ үйді Пхеньянға «гангстерлерше талап қойды» және Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығу өткізіп, «дұшпандық пиғыл танытып отыр» деді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы