Беларусь президенті «Ryanair авиакомпаниясының ұшағындағы бомба туралы хабарлама Швейцариядан келді», деп ақталды.
«Еуропаның соңғы диктаторы» саналатын Лукашенко мәлімдемесінде «Ryanair рейсінде террористің болғанын Еуропа арқылы блдім және олар ұшақтың шұғыл қонуына қатысты оқиғаны тергеуден бас тартты» дейді.
23 мамырда Беларусь арнайы қызметі Литваға бағыт алған жолаушы ұшағына «бомба қойылды» деген хабарды желеу етіп, Роман Протасевич отырған коммерциялық ұшақты Минскіге қонуға мәжбүрледі. Борттан бомба табылмады, есесіне Беларусь полициясы ұшақта болған оппозициялық журналист, NEXTA Live Telegram арнасының негізін қалаушылардың бірі, журналист Роман Протасевичті тұтқындады. Ұшақты бұруға Беларусь режимінің басында отырған Александр Лукашенконың өзі бұйрық берген.
24 мамырда Брюссельдегі кездесуде Еуропа одағына мүше 27 елдің лидерлері Беларусь билігіне тағы да санкция салуға келісті. Жиында ЕО лидерлері одаққа мүше елдердің әуе компанияларын Беларусь төбесінен ұшпауға, Беларусьтің Belavia әуе компаниясын Еуропаға кіргізбеуге шақырған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел