АҚШ президенті Джо Байден Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуге қатысты шарт қойды.
Ақ үй басшысы Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Инның Вашингтонға жасаған сапары кезінде осылай деп мәлімдеді. Екі мемлекет басшысы арасындағы келіссөзде талқыланған басты тақырып – Пхеньянның ядролық бағдарламасына қатысты бірлесе қимыл жасау.
Байденнің айтуынша, Корея түбегін ядролық қарудан азат ету бойынша нақты қадамдар келісілгеннен кейін ғана ол Ким Чен Ынмен кездесуге дайын болады.
Американың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын соңғы жылдары үш рет кездескен. Екі ел тарихында бұған дейін мемлекет басшылары кездесіп көрмеген. Пхеньян ядролық сынақтарын тоқтатқан, бірақ жойқын қарудан арылу туралы келісімге келе алмады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел