Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының 2 433 жаңа жағдайы тіркеліп, 21 адам қайтыс болған.
Жалпы елде инфекцияның 366 481 жағдайы тіркелген. Осыған дейін халықаралық институт зерттеуінде Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны ресми статистикада көрсетілгеннен 14,5 есе көп екені айтылған еді. Қазақстан билігі өткен аптада елде індет кезінде коронавирустан 6500-ден астам адам қайтыс болғанын растап, бірақ оны ресми статистикаға әлі қосып үлгермегенін айтты.
Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 164 млн адамға жеткен. 3 млн 385 мың адам вирустан қайтыс болған.
Алматы – 534
Алстана – 439
Қарағанды облысы – 326
Алматы облысы – 166
Ақмола облысы – 129
Ақтөбе облысы – 120
Шымкент – 109
Батыс Қазақстан облысы – 105
Шығыс Қазақстан облысы – 85
Атырау облысы – 79
Маңғыстау облысы – 63
Қызылорда облысы – 39
Түркістан облысы – 39
Қостанай облысы – 37
Солтүстік Қазақстан облысы – 33
Жамбыл облысы – 23
Павлодар облысы – 23.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді