Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, елде 17 мамырда 1837 адамнан коронавирус анықталған, 1 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 15 мамырда 25 адам өлімі тіркелген: 22 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған.
Өткен тәулікте Алматыда – 520, Қарағанды облысында – 320, Нұр-Сұлтанда – 251, Ақмола облысында – 139, Алматы облысында – 109, Павлодар облысында – 92, Батыс Қазақстан облысында 92 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 30, Ақтөбе облысында – 24, Атырау облысында – 48, Шығыс Қазақстан облысында – 78, Жамбыл облысында – 25, Қостанай облысында – 33, Қызылорда облысында – 35, Маңғыстау облысында – 13, Солтүстік Қазақстан облысында – 11, Түркістан облысында 17 науқас тіркелген.
Былтыр 13 наурыздан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатары 362 мыңнан асақан, ал 1 тамыздан бері 54 мыңнан астам адам коронавирус пневмониясына шалдыққан.
Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардың 6731-ы (КВИ+ / U07.1 – 4095, КВИ- / U07.2 – 863, ілеспе аурулардан – 1773) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінген 1773 адамды жалпы статистикаға енгізбейді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы