Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, елде 16 мамырда 2089 адамнан коронавирус анықталған, 19 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 15 мамырда 25 адам өлімі тіркелген: 19 адам – коронавирустан, 6 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған.

Өткен тәулікте Алматыда – 549, Қарағанды облысында – 346, Нұр-Сұлтанда – 284, Ақмола облысында – 153, Алматы облысында – 125, Павлодар облысында – 87, Батыс Қазақстан облысында 97 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 86, Ақтөбе облысында – 50, Атырау облысында – 77, Шығыс Қазақстан облысында – 74, Жамбыл облысында – 32, Қостанай облысында – 32, Қызылорда облысында – 16, Маңғыстау облысында – 39, Солтүстік Қазақстан облысында – 12, Түркістан облысында 30 науқас тіркелген.

Былтыр 13 наурыздан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатары 360 мыңнан, 1 тамыздан былайғы коронавирус пневмониясы 54 мыңнан асқан.

Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардың 6106-ы (КВИ+ / U07.1 – 4073, КВИ- / U07.2 – 860, ілеспе аурулардан – 1773) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінген 1773 адамды жалпы статистикаға енгізбейді.

"The Qazaq Times"