Украина Парламентінің депутаты Виктор Медведчук пен Тарас Козак мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінді. Украинаның Қылмыстық кодексіне сәйкес, күдік расталған жағдайда олар он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бас прокурор Ирина Венедиктованың мәліметінше, депутаттар Қырымда Ұлттық ресурстарды тонады және мемлекетке қастандық жасаған. Әзірге, Виктор Медведчуктың мекен-жайы анықталған жоқ. Кейіннен Медведчуктың баспасөз қызметі саясаткердің Украинада екенін хабарлап, оның үйі мен кеңсесінде тінту жүргізу заңсыз деді. Ал Тарас Козак Ресейге кеткен.
Медведчук: «Биліктің заңсыз бұйрығын орындаған Бас прокуратура Украинаның Конституциясы мен заңдарын өрескел бұзып, менің үйімде және кеңсемде тінту жүргізді. Заңсыз ештеңе табылған жоқ», – дейді. Оның «Оппозициялық платформа – өмір үшін» партиясы биліктің іс-әрекетін «оппозициялық саясаткерге қарсы ұйымдастырылған саяси репрессия» деп атады.
Виктор Медведчук – Ресей президенті Владимир Путинмен жеке тығыз байланыстағы украин саясаткері. Ол Украина шығысындағы украин әскерилері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы қақтығысты тоқтату үшін өтетін келіссөзге үнемі қатысады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел