Армения президенті Армен Саркисян 20 маусымда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.
Президент аппаратының баспасөз қызметі жариялаған құжатта: «Конституцияның 92 және 93-баптарының талаптары мен парламенттің таратылуын негізге ала отырып, президент Саркисян 2021 жылғы 20 маусымда Ұлттық жиналыста кезектен тыс сайлау туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық ресми жарияланғаннан кейін келесі күні күшіне енеді», – делінген.
Бұған дейін елде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу үшін депутаттар Никол Пашинянның қайтадан премьер-министр болып тағайындалуына дауыс берген жоқ. Оппозицияның талабы мен елдегі саяси дағдарыс салдарынан Пашинян отставкаға кететінін жариялады.
6 мамырда «Менің қадамым» басқарушы блогының жетекшісі Лилит Макунц Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясы кезектен тыс парламенттік сайлауға өз бетінше қатысатынын айтты.
Сарапшылардың пікірінше, «Армения» блогын құрған бұрынғы президент Роберт Кочарян Пашинянның сайлаудағы басты қарсыластарының бірі болмақ. Сондай-ақ, сайлауға Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Артур Ванецянның «Отан» партиясымен блок құратын экс-президент Серж Саргсян да қатысады. Парламенттік оппозиция саналатын «Гүлденген Армения» партиясы да сайлауға ешқандай блок құрамына өтпестен қатысатынын мәлімдеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді