Үндістанда коронавирус қорқынышты сандармен өсуде. Бір күнде 350 мың адамнан індет анықталып, елдің орталық қаласында әр төрт минут сайын бір адамнан көз жұмып жатыр. Ел билігі Үндістан індеттің жаңа толқыны ошағына айналғанын мәлімдеп, хабарлама таратты.
Үндістандағы індет жағдайының ауырлығы соншалық, дерттен көз жұмғандарды көше ортасында өртеп жатқан видеолары әлеуметтік желіде де тарап үлгерді. Үндістан бойынша індет жұқтырғандардың жалпы саны 20 млн адамға жетті.
Премьер-министрі Нарендра Моди елге жалпы жолдау жасап, қазіргі қауіпті жағдайда елдің жұмыла күресуін үміт етті. «Індеттің бірінші толқынын табысты жөнге салғаннан кейін біз өзімізге сенімді болып қалған едік. Бірақ, мына жаңа жағдай үрейді ұшыруда», – деген Моди жалпы халықтық жолдауында.
Британия бастап кейбір Батыс елдері Үндістанға қолдау көрсету үшін көмектерін жөнелтіп жатыр. Еуропа одағы мен Америка Құрама Штаттары да коронавирусқа қарсы күресуге Үндістанға қолдан келгенше көмек беретіндерін мәлімдеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау