Солтүстік Корея бүгін Пхеньянда өткен әскери шеруде алғаш рет сүңгуір қайықтарға арналған баллистикалық зымырандарын жұртшылық назарына ұсынды - деп хабарлайды Рейтер агенттігі.
Агенттіктің айтуынша БРПЛ Пуккыксон-2 баллистикалық зымырандары әскери шеруде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға таныстырылған.
Солтүстік Корея үкіметі биыл Пхеньяндағы әскери шеруге шет елдік 200 журналистті шақырғанын ескерсек. Ким Чен Ын АҚШ-қа, жалпы әлемге өзінің бар күш қуатын көрсетіп, Солтүстік Корея Ливия немесе Ирактай әлсіз емес екендігін меңзегендей сыңай танытты.
Бұдан сәл ертеректе АҚШ-тың «Карл Винсон» ұшақ тасмалдағыш кемесі бастаған әскери теңіз күштері, Солтүстік Корея теңіз аймағының шекарасына келіп тұрақтаған болатын. Ал Дональд Трамп, Солтүстік Кореяны ядролық зымырандарының саны жыл санап артып келе жатқанын айтып, керек болса АҚШ Ким Чен Ын үкіметімен бір өзі ұрыс жүргізуге дайын екендігін айтқан болатын.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер