Ресми Токио Оңтүстік Кореядан өз азаматтарын эвакуациялауда - деп хабарлайды The Telegraph ақпарат көзі.
Жапония Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы текетірестің ушығып бара жатқанын ескеріп, Оңтүстік Кореядан 57 мың жапон азаматын елге қайтаруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұл үшін Жапония, Сеулден азаматтық кемелер мен ұшақтардан бөлек, Солтүстік Корея аумағына әскери техникамен жапон азаматтарын эвакуациялауға рұқсат сұрайтындарын айтқан.
Және де ресми Токио, елге Солтүстік Корея тыңшыларының кіріп кету қаупі басым екендігіне алаңдайтынын білдірген болатын.
Естеріңізге салайық, АҚШ егерде Солтүстік Корея ядролық зымырандарын сынақтан өткізетін болса, қару қолданамыз деген еді. Ал Солтүстік Корея, егер Пентагон Пхеньянға қарсы қандай да бір әскери әрекет жасайтын болса, АҚШ-қа ядролық бомба қолданатынын айтқан болатын.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр