Ресми Токио Оңтүстік Кореядан өз азаматтарын эвакуациялауда - деп хабарлайды The Telegraph ақпарат көзі.

Жапония  Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы текетірестің ушығып бара жатқанын ескеріп, Оңтүстік Кореядан 57 мың жапон азаматын елге қайтаруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұл үшін Жапония, Сеулден азаматтық кемелер мен ұшақтардан бөлек, Солтүстік Корея аумағына әскери техникамен жапон азаматтарын эвакуациялауға рұқсат сұрайтындарын айтқан.

Және де ресми Токио, елге Солтүстік Корея тыңшыларының кіріп кету қаупі басым екендігіне алаңдайтынын білдірген болатын.

Естеріңізге салайық, АҚШ  егерде Солтүстік Корея  ядролық зымырандарын сынақтан өткізетін болса, қару қолданамыз деген еді. Ал  Солтүстік Корея, егер Пентагон  Пхеньянға қарсы қандай да бір  әскери әрекет жасайтын болса, АҚШ-қа ядролық бомба қолданатынын айтқан болатын.

“The Qazaq Times”