Кремль сыншысы Алексей Навальныйдың ісін Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі соты кезектен тыс қарайды.
Осыған байланысты халықаралық орган Ресей үкіметіне оппозиционердің түрмеде құқықтарының сақталуы және оған көрсетіліп жатқан медициналық қызметтің сапасына қатысты сұрақтар жолдаған. Еуропаның Адам құқықтары жөніндегі соты жолданған сауалға Ресей билігі 12 шілдеге дейін жауап беруі тиіс.
Алексей Навальный 31 наурыздан бері аштық жариялап, денсаулығы нашарлаған. Кеше Покровадағы түрмеден сотталғандарға арналған облыстық ауруханаға ауыстырылды. Бұған дейін Навальныйды емдеген дәрігерлер оның қан анализінің қорытындысын жариялап, дәрігер Анастасия Васильева науқастың жүрегі тоқтап қалуы мүмкін деп ескерткен.
Наурыздың соңында мыңнан астам дәрігер билікке ашық хат жазып, саясаткерге тәуелсіз дәрігерді кіргізуге шақырған. Ал бүгін дәрігерлер Навальныйдың халін білу үшін арнайы барған. Бірақ түрме әкімшілігі олардың кіруіне рұқсат етпеген. Мамандар оппозиционердің жағдайы ауыр дейді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел