Бүгін мұсылман жұрты қасиетті Рамазан айының алғашқы күнін бастады. Қазақстан Республикасы ҚМДБ шешімімен, биылғы ораза уақыты бекітілді.
Рамазан – мұсылман күнтізбесіндегі тоғызыншы ай. Бұл айда мұсылман қауымы ораза тұтады. Ораза тұтуды 624 жылы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) белгілеп кеткен. Шариғат бойынша ораза тұту – таң сәріден күн батқанға дейін тамақ пен судан немесе басқа да ерікті дүниелерде еркін түрде бас тарту.
Ораза – мұсылманға берілген бес парыздың үшіншісі. Ораза тұту Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарында жазылған. Сондай-ақ, бұл айда пітір мен зекет беру мұсылманға парыз болмақ. Ораза уақытында мұсылмандар садақа беріп, ауызашар ұйымдастырады. ҚМДБ ұсынған мәлімет бойынша биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері жан басына 300 теңге болып бекітілген.
Осы орайда, Qazaqtimes.kz ақпараттық сайты да, барлық қазақстандықтарды он екі айдың сұлтаны Рамазан айының басталуымен құттықтайды. Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы