Бүгін 30 күн ораза ұстаған барша мұсылманның Ораза Айт мерекесі. Ислам күнтізбесі бойынша Шәууәл айының алғашқы күніне тура келетін бұл мереке 30 күн бойы ораза ұстаған мұсылманның игілік пен бақыт, рахымға жеткенінің бейнесі іспетті аталып өтіледі. Сондай-ақ, бұл мұсылмандар үшін ораза ұстауға тыйым салынған күн.
Ораза – мұсылманға берілген бес парыздың үшіншісі. Ораза тұту Қасиетті Құран Кәрімнің аяттарында жазылған. Сондай-ақ, бұл айда пітір мен зекет беру мұсылманға парыз болмақ. Ораза уақытында мұсылмандар садақа беріп, ауызашар ұйымдастырады.
Осы орайда, Qazaqtimes.kz ақпараттық сайты да, барлық қазақстандықтарды он екі айдың сұлтаны Рамазан айының басталуымен құттықтайды. Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын айта отырып, мерекеге орай еліміздегі және әлемдегі барша мұсылман жұртшылығын ораза айт күнімен құттықтаймыз! Ұстаған оразаларыңызбен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Ескерте кетсек еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады.
ҚМДБ Төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді. Пітір садақаның құны екі келі ұнның республика бойынша есептегенде нарықтық орташа бағасымен шығарылды.