 
                                    Владимир Зеленский Владимир Путинді диалогқа шақырды. Бұл туралы Украина президентінің баспасөз хатшысы Юлия Мендель хабарлады.
Украна тарабы Донбасстағы ахуалды талқылауға ниетті. Бірақ Ресей әзірге ресми жауап берген жоқ. Бұған дейін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ешқандай хабарлама алмағанын айтқан.
Наурызда Донбасстағы жанжал қайта ушыққан. Түрлі хабарға қарағанда, Ресей әскері Украина шекарасына жақын жерлерге шоғырлана бастаған. Мәскеу бұл әскердің ешкімге қауіп төндірмейтінін айтады. Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескен Владимир Путин Мәскеудің бұл қадамға өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барғанын айтқан.
Ал Тhe New York Times газеті Мәскеудің Украина шекарасына 4000-ға жуық әскер жібергенін жазды. Басылымның мәліметінше, Ресей 23 наурызда аяқталған әскери жаттығулардан кейін Украина шекарасына жақын аймақтан әскер шығармағандықтан, АҚШ пен Еуроодақ бұл жағдайды қатаң бақылауға алған. Себебі шекараға әскер жіберу – мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сонымен бірге, әлеуметтік желілерде Ресей Брянск, Воронеж және Ростов облыстарына, аннексияланған Қырымға да әскерилер жіберіп жатқандығы туралы хабарламалар жарияланды.
Кейіннен Еуроодақ пен АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді талқылады. Жаңа санкциялар аясында Ресей олигархтарының қаражаты бұғатталып, Ресейдің SWIFT банк жүйесінен шеттетілуі мүмкін. Өз кезегінде бұл Ресей газын Балтық теңізі арқылы Германияға жеткізетін «Солтүстік ағыс-2» газ құбырының құрылысын қиындатады.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                        Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
                                        Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді