Екі жылдан бері әлемді коронавирус індеті әлекке салып, көптеген елдің экономикасын тұралатты. Бір қызығы бұндай экономикалық жағдай әлемдегі қалталы байларға әсер етпегендей. Бірер күн бұрын Forbes журналы әлемнің ең бай адамдарының 2021 жылғы тізімін жаңартты. Басылымның мәліметіне қарағанда пандемия жағдайна қарамастан миллиардерлердің қаржылық жағдайы жаңа рекордты бұзған.
Forbes басылымының зерттеуінше, миллардерлердің қаржылық қоры 13,1 триллионды құрап, пандемия басталған 2019 жылдан бері жылына 8 триллионға өскен. Жаһандық экономикалық белсенділіктің әлсірегеніне қарамастан, миллиардерлер саны 2095 адамнан 2755 адамға көбейген. Миллиардерлер саны көп ел ретінде АҚШ 724 адаммен өз орынын сақтап қалды, Қытай 698 адаммен екенші орында.
Ең қызығы, Forbes басылымының тізіміне Қазақстаннан тағы үш адам қосылған. Олар «Каспий банк» иелері саналған Вячеслав Ким және Михаил Ломтадзе, сондай-ақ Freedom Holding брокерлік кеңесінің басшысы Тимур Турлов қатарлылар.
Аталмыш басылым жыл сайын миллиардер арасында жаңа технология саласындағы байлардың қалтасы қалыңдап бара жатқанын айтады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді