АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Ресей дипломаттарын елден шығарып, санкциялар енгізуді қарастырып жатыр

Ресейге кезекті мәрте санкция енгізудің себебі – SolarWinds-қа жасалған кибершабуылмен Амеркиадағы сайлауға араласу.

Осы жылдың қаңтарында АҚШ барлау қоғамдастығының өкілдері SolarWinds деп аталатын ауқымды кибершабуылдың артында Ресей билігі тұруы мүмкін деген қорытындыға келді. Кибершабуыл тоғыз федералды департаментке және жүзге жуық жеке компанияларға кері әсер кеткен. 18 мыңға жуық субъектке шабуыл жасалған.

SolarWinds компаниясының Orion бағдарламалық жасақтамасы 2020 жылы наурызда шабуыл салдарынан істен шыққан. Хакерлер вирус енгізгеннен кейін аталған бағдарламаны SolarWinds тұтынушылары, соның ішінде АҚШ мемлекеттік органдары және 400-ден астам ірі компаниялар жүктеген және қолданған. Бұл туралы 2020 жылдың желтоқсанында АҚШ Ұлттық барлау департаментінің, ФБР және инфрақұрылымдық және киберқауіпсіздік Агенттігінің бірлескен мәлімдемесінде айтылды. Сол кезде Мемлекеттік хатшы болған Майк Помпео «бұл шабуылға Кремльдің тікелей қатысы бар» деген нұсқаны ұсынды. Ал қаңтардың соңында АҚШ президенті Джо Байден кез келген хакерлік шабуылдың артында Ресей тұруы мүмкін деген. Ал Мәскеу Вашингтонның бұл мәлімдемесіне жауап берген жоқ.

"The Qazaq Times"