Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон дүйсенбіде экономиканы қалпына келтіру және локдауннан кейін халықаралық сапарларды қайта бастау жоспарларын жариялауы керек.
Қазір әлемдегі ең сәтті вакцинациялау Ұлыбританияда жүргізіліп жатыр. Сол себепті елдегі ахуал бұрынғыдан жақсарып, вирус жұқтырғандар саны азайған.
Бүгін Джонсон карантин шектеулерін кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын жариялайды. 12 сәуірден бастап дүкендер, шаштараздар және басқа да мекемелер қайта жұмысын бастайды. Сондай-ақ, Ұлыбританияда вакциналық төлқұжаттарды енгізу және халықаралық саяхатқа қатысты жаңа ережелер де жарияланбақ.
Қолданыстағы жоспарлар бойынша халықаралық туризм 17 мамырға дейін жаңартылмайды. Елде локдаунның әлсіреуіне коронавирус тестілеуі мен екпе егу сапасы да көмектесті: Англияның әр тұрғыны аптасына екі рет ПТР-тест тапсыра алады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел