АҚШ Ауғанстандағы «Ислам мемлекеті» содырлары жасырынған жер асты тунелдеріне бомба тастады.

Пентагон өзінің арсеналындағы ең күшті, салмағы 10 тонналық GBU-43 бомбасын Ауғанстандағы «Ислам мемлекетіне» қарсы қолданған. GBU-43 бомбасы ең алғаш 2003 жылы сынақтан өткен еді.

АҚШ әскерінің Ауғанстан аумағындағы қолбасшысы генерал Джон Николсон: «Лаңкестер тарапынан адам шығыны өте көп. Олар қазір өз иеліктеріндегі аумақтарды ұстап қалу үшін, қолдан жасалған бомбалармен жер асты жолдарын, бункерлерді, тунелдерді пайдалануда» - деді.

АҚШ әскері GBU-43 бомбасын  Hercules МС-130 ұшағымен тастаған. GBU-43 бомбасы  салмағы 10 тонна болсада, GPS арқылы басқарылатын бомбалардың санатына жатады.

Видеода GBU-43 бомбасының   сынақтан өткізу сәті бейнеленген.

Дональд Трамптың Сүрия мен Ауғанстанды бомбылауын кейбір шет елдік сарапшылар Ресей мен Қытайға сес көрсету деп бағалауда. Ал Пентогонның өзі, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы әлемнің қай түкпірінде болса да, АҚШ әскері терроризммен кез келген жерде күресуге дайын екендігін көрсетіп жатқандығын алға тартады.

“The Qazaq Times”