Германия бүгіннен бастап британ-шведтік AstraZeneca компаниясы шығарған вакцинаны қолдануды қайта бастайды. Бұл туралы ГФР Денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан мәлімдеді.
«Біздің ортақ мақсатымыз – барлық 16 федералды штат тұрғындарына екпе егу. Осы арқылы біз пандемияға тосқауыл бола аламыз», – делінген ресми хабарламада.
Коронавирусқа қарсы вакцинация Германияда желтоқсанның соңында басталды. Қазір елде Biontech-Pfizer консорциумы әзірлеген вакцина, сондай-ақ Moderna компаниясының екпесі қолданылады.
Жақында Еуропаның бірқатар елдері AstraZeneca екпесін сатып алудан бас тартып отыр. Себебі, «препараттың қан айналымын нашарлатып, тромбылардың түзілуіне ықпал етеді» деген болжамдар айтылды. Кейіннен Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі препаратты тексере келе, екеуінің арасыннан байланыс таппағанын мәлімдеді. Сарапшылар мәселе вакцинаның белігілі бір партиясымен байланысты болуы мүмкін деген жорамалды да жоққа шығарды. Осыдан кейін Германия, Франция мен Италия вакцинаны қайта қолдана бастайтынын хабарлады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел