Армениядағы саяси ахуал ушығып тұр. Бас штабтың басшысын тағайындау премьер-министр Николас Пашинян мен президент Армен Саркисян арасында қайшылықтар туындатқан. Оппозициялық «Отанды құтқару қозғалысы» Саркисянмен кездесуге дайын, бірақ олар Пашинянның отставкасын талап етіп отыр.
Қозғалыстың үйлестірушісі Ишхан Сагателян оппозицияның күн тәртібіне сәйкес, Пашинян отставкаға кеткеннен кейін мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізетін Уақытша үкімет құрылсын деген талап қойды.
Бейсенбіде Пашинянның Артак Давтянды Армения Қарулы күштері Бас штабының жаңа басшысы етіп тағайындау туралы ұсынысын ел президенті қабылдаудан бас тартты. Содан кейін министрлер кабинетінің басшысы қайтадан осы ұсынысты хат түрінде жолдады. Алайда, Пашиянның бұл ұсыны да кері қайтарылды.
Саркисян 10 наурызда Конституциялық Кеңеске «әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» заң ережелерінің Конституция нормаларына сәйкестігі анықтауды тапсырды. Себебі, Конституциялық соттың шешімі және ықтимал шаралардың қабылдануы Бас штабтың бастығын қызметінен босату мен тағайындаудың құқықтық рәсімдеріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Алайда, заң бойынша президент Жарлыққа үш күн ішінде қол қоюы тиіс немесе Конституциялық сотта оған қарсы шығуы керек.
Ел Парламенті жанында оппозицияның Пашинянға қарсы митингі әлі де жалғасып жатыр. Ғимаратты полиция жасағы күзетіп тұр. Ал оппозиция лагерінде бірнеше полиция қызметкері кезекшілік етеді. Әзірге, наразылық білдірушілер саны көп емес. Митинг беогіленген жерде көліктер мен жаяу жүргіншілер жолы ашық.
Елдегі саяси ахуладың ушығуына Бас штаб басшысының бірінші орынбасарының қызметінен босатылуы себеп. Премьер-министр Пашинянның жоғары лауазымды қызметкерді орнынан кетіру туралы ұсынысыны Армения президенті Армен Саркисан мақұлдаған. Енді осыған байланысты қарулы күштер Никол Пашинянмен қоса үкіметтің де отставкаға кетуін талап етті. Ал Пашинян мұны «әскери төңкеріс» деп атады.