Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі (ҰҚК) Беларусь шенеуніктері мен кәсіпкерлеріне санкциялар енгізуді қарастырады. Жоғары Рада депутаты Алексей Гончаренко президент әкімшілігіне осындай сұрау хат жолдаған.
Президент Кеңсесінің Гончаренконың сұрауына берген жауабында: «Беларусь Республикасының жекелеген азаматтарына қатысты шектеу шараларын (санкциялар) енгізу туралы депутаттық өтініштің нәтижелері туралы хабардар ету үшін Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің аппаратына ұсыныс хат жолдаймыз», – делінген.
Санкция Лукашенко режимін қолдайтын Беларусь азаматтарына қарсы енгізілуі мүмкін. Қара тізімде «Карпатзападтранс» ЖШС-нің иесі, кәсіпкер Николай Воробьян бар.
26 ақпанда Украина Үкіметінде Беларусь азаматтарына қарсы санкциялар енгізу бастамасы көтерілген. Депуттардың басым бөлігі «АҚШ пен Еуроодақ Беларусьтегі ахуалға байланысты санкция енгізгенде, Украина үнсіз қалмауы тиіс. Украина адам құқықтарының тапталуына қарсы», – дейді.
19 ақпанда Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі «Самара - Батыс бағыты» құбырының бөлігін, сондай-ақ отын транзитіне арналған «Прикарпатзападтранс» мұнай құбырын мемлекеттік меншікке қайтару туралы шешім қабылдады. Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, оны Беларусь кәсіпкері Николай Воробей және Германия азаматы Анатолий Шефер иемденеді.