Ангела Меркель Германияда карантин режимін 28 наурызға дейін ұзартқан болатын. Қазір елде вирустың таралу қарқыны бәсеңдей бастаған. Осыған байланысты гүл дүкендері, сән салондары мен жаттығу залдары қайтадан ашылды.
Жаңа ережеге сай, 100 мың тұрғынға шаққанда науқастар саны 50 адамнан аспаған өңірлерде музейлер, галереялар, бақтар, кітап және гүл сататын дүкендер, сондай-ақ бау-бақша заттарына арналған базарлар ашылады. Тек тұтынушылар келетінін алдын ала ескертуі тиіс. Сонымен қатар, келесі аптадан бастап COVID-19 ушықпаған жағдайда театрлар, концерт, опера залдарына және кинотеатрларға баруға рұқсат берілмек.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дың түрленуі қалыпты жағдай екенін айтқан болатын. Дегенмен, бір аптаның ішінде коронавирусқа шалдыққандардың саны бұған дейінгі кезеңмен салыстырғанда 7%-ға артқан. Індет, әсіресе, Еуропа елдерінде, Оңтүстік Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америкада ушығып тұр.
Соңғы бір аптада коронавирустың британдық штамы тағы 5 елде тіркелген. Қазір вирустың бұл түрі табылған елдердің қатары 106-ға жетсе, оңтүстікафрикалық штам 56 мемлекетте табылған. Ал бразилиялық штамм 29 елде тіркелген.
Әлемде вирус жұқтырғандар саны 117 миллионға жетті. Германияда 2,51 миллион кейс тіркеліп, 70 мыңнан астам адам ажал құшқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді