Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Германияны «Күрт жұмысшылар партиясын қолдап отыр» – деп айыптады.
«Мен ашық айтамын, Германия террористерді қолдап отыр. Оларды ұлтшыл «нацист» - деп айтсам олар ренжиді. Түрік барлау қызметі Германияда тұратын, Түркия аумағында террористік ұйым ретінде танылған «Күрт жұмысшылар партиясының» мүшесі делінген 4500 адамның тізімін жіберді. Алайда Германия тарапы бұл тізімді қараусыз қалдырып, «Күрт жұмысшылар партиясының» мүшелерін қайтармай отыр. Германия Түркияға осы адамдарды қайтармайынша біз оларды фашист деп атайтын боламыз» - деді Ердоған түрік теле арнасының тікелей эфирінде.
Ал Германия үкіметінің баспасөз хатшысы Штеффен Зайберт Түркия тарапынан Германияға ешқандай тізімнің келмегендігін айтқан.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр