Құрама Штаттар Ауғанстандағы қарулы күштерін шығарып болмай жатып, елде режим күштеріне бағытталған қарулы шабуылдар жиіледі. Осы аптаның өзінде оннан астам полицей жарылыстан немесе қарулы шабуылдан қаза тапты.
Ауғанстанның Фарияб провинциясында аптаның бас шенінде болған жарылыстан 7 полиция қызметкері көз жұмып, 4 адам ауыр жараланған болатын. Бір күн бұрын Баграм ауданында болған қарулы шабуылда 2 полицей көз жұмды. Ауғанстандағы түрлі қарулы топтар арасында шабуылды мойнына алғандар болмады.
Президент Трамп кезінде Құрама Штаттардың Ауғанстандағы ресми өкілі Хализад Катарда тәліптермен бірқатар маңызды келіссөздер жүргізіп, соңында Ауғанстандағы соғысқа нүкте қоятын келісімге қол жеткізгендерін мәлімдеген болатын. АҚШ пен «Талибан» арасындағы келісім шарты бойынша Құрама Штат күштері елден шығарылады, Ауғанстан режим күштерін қолдауған аздаған әскерлер қалдырады. Бұның есесіне тәліптер елдегі «әл-Каида», «Ислам мемлекеті» секілді қарулы топтардың әрекетіне жол бермеуі және режим күштерімен бейбіт келісімге келуі тиіс болған.
Алайда, АҚШ күштері елден шығарылғанымен Ауғанстанда тыныштық орнай қоймады. Үкімет пен тәліптер арасындағы келіссөздер тоқырауға ұшырап, бұдан кейін тәліптер тарабынан режим күштеріне деген шабуылдар жиіледі.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес