Байден билікке келгеннен бері Қытай басшысымен сөйлеспеген. Бұл туралы ол 7 ақпан, жексенбі күні CBS телеарнасына берген сұхбатында айтты. Кезекті сұхбатында Байден АҚШ-Қытай арасындағы қарым-қатынасты талқылаған.
«Оған қоңырау шалуға ешқандай себеп жоқ», – деген Байден Қытай басшысы Ши Жинпиңді «ол өте ақылды және қатал» деп бағалаған. Сондай-ақ Қытаймен қарым-қатынас Трамп кезінен өзгеше болатынын айтқан. Байден Ши Жинпиң туралы сөзінде: «Ол сынамайды, сондықтан менде оны сынағым келмейді, бірақ демократия Ши Жинпиңнің сүйегінде де жоқ», – деген.
«Мен оған әрдайым қақтығысудың қажеті жоқ екенін айтып келемін», – дейді Байден өзінің вице-президент болып тұрған кездегі (2009-2017) Ши Жинпиңмен болған кездесулерін еске алып. «Бірақ қатты бәсекелестік болады. Мен мұны ол білгендей жасамаймын. Себебі ол да сигнал жіберіп жатыр. Мен оны Трамп сияқты жасамаймын. Біз халықаралық ережелерге назар аударамыз», – дейді Ақ үй жетекшісі.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес