АҚШ Сауд Арабиясына Йемендегі соғыс үшін әскери қолдауын тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы Байден Мемлекеттік департаменттегі кездесуде мәлімдеген.
Байденнің кезекті мәлімдемелері қазір ақпарат құралдарында қызу талқыға тақырып болды. Оның «Америка қайтып оралды» деген сөздерін түрлі басылымдар әр қырынан талдап жатыр. Байден сөзінде АҚШ-тың жаһандық деңгейдегі дипломатиялық қадамдарын арттыратынын жеткізді. Бұл бағытта Байден бас дипломаты Энтони Блинкен мен оның Мем. департаменттегі әріптестеріне жауапты міндет жүктейтінін айтқан.
Германиядан әскерлерді кері шегіндіру процесін тоқтатқанын мәлімдеген Байден, Йемендегі соғыс үшін Сауд Арабиясына беріп отырған әскери көмекті тоқтататынын айтқан. Бұған қоса, Құрама Штаттар Сауд Арабиясымен бірқатар қару-жарақ саудасы туралы жобаларды да тоқтатпақ.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес