Германия билігі Беларусь оппозициясының өкілдеріне виза алу ережелерін жеңілдетті. Бұл туралы Süddeutsche Zeitung газеті хабарлады.
Басылымның мәліметінше, визалық режимді жеңілдету ең алдымен «билік тарапынан азапталған, қудаланған адамдар мен олардың жақын туыстарына» қатысты.
Осыған байланысты Германия Сыртқы істер министрлігі: «Еуропа тарапынан қолдау шаралары – Беларусь азаматтық қоғамын қолдау бағдарламасының бөлігі. Сонымен қатар, Беларусь демократиялық қозғалысымен бұрыннан келе жатқан ынтымақтастық белгісі», – деп мәлімдеді.
9 тамыз Беларусьте президенттік сайлау өтті. Сол күні ОСК Александр Лукашенконың 80,10% дауыс жинап, жеңіске жеткенін хабарлады. Сайлау нәтижелерін мойындаудан бас тартқан Светлана Тихановская кандидат ретінде 10,12% дауыс жинаған.
Дауыс беру қорытындылары шығарылғаннан кейін елде жаппай наразылық акциялары басталды. Ірі қақтығыстар кезінде полиция шеруге шыққандарға қарсы оқ атып, күшпен басып-жаншуға тырысты. Қазір Беларусьте жергілікті наразылық акциялары әлі де жалғасуда.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел