Пандемияға байланысты биылғы Канн фестивалі кейінге шегерілді. Халықаралық кино мерекесі 11 мамырда басталып, 10 күнге созылуы тиіс болатын. Енді фестиваль шілденің 6-сы мен 17-сі аралығында өтеді.
Ресми хабарламада: «Өткен жылдың күзінде Канн фестивалін өткізу мерзімі әлемдегі санитарлық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін екендігін хабарлағанбыз. Осылайша, Канн онкүндігі алдын ала жоспарлағандағыдай 11-22 мамыр аралығында емес, 2021 жылдың 6-17 шілдесінде өтеді», – делінген.
2020 жылы әйгілі фестивальді өткізу уақыты пандемияға байланысты өзгертілді. Алайда, көрермендер назарына ұсынылуы тиіс көрсетілімдердің бір бөлігі өзге фестивальдер мен кинотеатрлардағы тақырыптық қойылымдар барысында көрсетілді. 2020 жылы іс-шара вирусқа қарсы қатаң шараларды ұстана отырып, Берлин мен Венецияда ұйымдастырылды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел