Германияның Дортмунд қаласында жарылыс болды - деп хабарлайды bbc.com сайты.
Германияның Дортмуд қаласында Боруссия футбол клубының автобусының қасынан үш бірдей жарылыс орын алып, салдарынан 26 жасар Испаниялық қорғаушы Марк Бартра жарақат алған.

Фото:bbc
Дортмундтық Баруссия кеше чемпиондар лигасының ¼ финалында Монако клубымен ойнауы керек болған. Жарылыстан кейін, екі клуб арасындағы ойын сәрсенбіге шегерілген.
Дортмунд клубының директоры Ханс- Йоахин Ваце «Автобус қонақ үйден шыға бергенде бірден үш жарылыс жасалды. Бізге, команда ойыншыларына бұл үлкен соққы болды. Ойыншылар алдағы ойындарда алаңға бар дайындығымен шығады деп үміттенеміз» - деді. Ал каталониялық Барселона клубы өзінің твиттер парақшасында «Біз Дортмунтпен оның жанкүйерлерін әр қашан қолаймыз» - деп жазған. Бартра Барселона сапында 2010-2016 жылдары аралығында өнер көрсеткен болатын.
Жарылыстан кейін Марк Бартра қолынан жеңіл жарақат алып ауруханаға жеткізілген.
“The Qazaq Times”


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі