Коронавирустың таралу қарқыны өскен Ұлыбритания шектеу шараларын қатаңдата бастады. Енді шекараны өткен барлық адам 10 күндік карантинге алынады.
Бес күннен кейін тест вирустың жоғын көрсетсе, оқшаулану мерзімі қысқарады. Сондай-ақ ел аумағына кіру үшін мерзімі 72 сағаттан аспайтын тест нәтижесі қолда болу керек. Бұл ережені бұзғандарға 500 фунт стерлинг айыппұл салынады. Бұл – жаңа штамның өзге елдерден келуіне қарсы қабылданып отырған шара.
Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның екінші жылы біріншісінен ауыр болуы мүмкін деп болжам жасаған. Бұған Ұлыбританиядан анықталған мутацияланған вирустың тез таралуы себеп. Ресми мәліметтер бойынша, вирус адамдар арасында 70%-ға тез тарайды. Бірақ қауіптілігі жағынан бұрынғы түрінен ерекшеленбейді. Жаңа штамм алдыңғы коронавирусқа қарағанда адамдарға тез жұғатыны анықталған. Әлемнің көптеген елі корольдікпен әуе қатынасын тоқтатып, бұл елдерден келген адамдарды қатаң тексеруге кірісті.
Әзірге «Британдық» вирус нақты осы елде өзгеріске ұшыраған ба, ол да белгісіз. Оның осы елде иммунитеті әлсіз, вируспен күресуге дәрменсіз науқастың ағзасында пайда болғанын немесе болмаса сырттан келгенін әлі ешкім анықтаған жоқ.
Қазір мұнда вирус жұқтырғандар саны 3 миллионнан асып, 90 мыңға жуық адам қайтыс болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді