Қырғызстанда орыс тілі ресми тіл мәртебесінен айырылмайды. Бұл туралы «Россия-24» телеарнасына сұхбат берген Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мәлімдеді.
Жапаров сұхбатта: «Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қырғызстан мен Ресей одақтас, жақын серіктес болды. Екі ел арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде. Сондықтан Ресеймен дипломатиялық байланыстар жалғасын табады», –деді.
Сонымен қатар ол «Қырғыз халқы Ресейсіз қиын жағдай болатынын біледі. Өйткені экономикалық, геосаяси тұрғыдан Ресей басты одақтас және серіктес», деп атап өтті.
Бұған дейін орыс тілі ресми мәртебесінен айыруды талап кеткен бірнеше наразылық шерулері болған. 2019 жылы Бішкекте экс-бас прокурор Әзімбек Бекназаров бастаған белсенділер Конституцияны өзгертуге байланысты референдум өткізетіндіктерін мәлімдеді. Дегенмен бұл ұсыныс нәтижесіз қалды.
Биыл 10 қаңтарда Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы мен референдум өтті. Сол күні азаматтар президенттік басқару формасын таңдады.
Қырғызстанда мемлекет басшысы лауазымына 17 үміткер болды. ОСК ақпарат бойынша, деректерді өңдегеннен кейін Садыр Жапаров учаскелердің 79%-дан астам дауыс жинады. Сайлаушылардың 80%-дан астамы президенттік басқаруды қолдады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді