АҚШ-тың ауыр әскери техникасы – «Карл Винсон» авиаматкасы Корей теңіз алабына келді. Солтүстік Корея «келсең кел!» деген сыңай танытып отыр. Осы шешуші кезде Оңтүстік Корея түбекте соғыстың бұрқ ете қалуынан алаңдап, АҚШ-ты қатаң әскери әрекеттен қайтуға насихаттауда.
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің өкілі Мүн Саң-Гюн бүгін түстен бұрын хабарлама жариялап, одақтасы мен солтүстік көршісінің түбек жағдайын ушықтырмауын талап етті.
Ал, Солтүстік Корея Унификация министрлігінің ресми өкілі Лее Дак-хаң бір күн бұрын: «АҚШ-тың әскери әрекеттері бізді еш алаңдатпайды, олардың барлық әскери шабуылына төтеп беруге дайынбыз және армиямыз оған қаблетті», – деген болатын. Осыған дейін АҚШ үкіметі Солтүстік Кореямен бейбіт келісімге келу жолдарын қарастыруды Сеул тарабына жүктеп келген болатын. Лее өзінің сөзінде: «Оңтүстік Корея түбек жағдайының шиеленісуі тіпті соғыстың туылуынан алаңдамайды екен, онда, бізді де бұл мәселе алаңдатпайды», – деп кесеткен еді.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр