ЕҚЫҰ Қырғызстандағы президент сайлауында теңдей бәсеке болған жоқ деп мәлімдеді. Сайлаушылардың небәрі 40%-ы ғана қатысқан сайлауда Садыр Жапаровтың тобы артық қаржыландырылған. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның қысқа мерзімді бақылаушылар миссиясының арнайы үйлестірушісі және жетекшісі Питер Юэль-Йенсен хабарлады.
Ресми өкіл мәлімдемесінде: «Біз заңнамалық база тең сайлауды қамтамасыз ететінін және түбегейлі бостандықтар сақталатынын анықтадық. Науқанның өзінде бір ғана кандидат басым болды. Ол пропорционалды емес қаржы және әкімшілік ресурстарды пайдалану арқылы артықшылыққа ие болды. сол себепті ЕҚЫҰ бұл күресті шынайы өтті деп санамайды», – деді.
Дегенмен, ресми өкіл Қырғызстандағы сайлау процесін ұйымдастыру бұрынғы додаларға қарағанда жоғары өткенін айтады.
10 қаңтар Қырғызстанда президент сайлауы өтті. Сол күні қырғыз халқы екі мәрте дауыс берді. Бірі – президентті сайлау, екіншісі – мемлекеттік басқару формасын анықтау. Алғашқы нәтиже бойынша, президент сайлауында санаулы ай бұрын мемлекет басшысы міндетін атқарған Садыр Жапаров 79%-бен жеңіске жеткен, референдум бойынша дауыс бергендердің 81 %-ы президенттік басқару формасын қолдаған.
Садыр Жапаров айқын басымдықпен жеңіске жетті. Елде дауыс беру аяқталғаннан кейін баспасөз мәслихатын өткізген Садыр Жапаров жемқорлықпен күресуге, саясатын «ашық» жүргізуге уәде берді. Жапаров сөзінде: «Өткен 30 жылда жемқорлық елдегі қоғамдық өмірдің барлық саласын жайлады. Мұндай бассыздыққа енді жол бермейміз. Біз бұрынғы басшылардың қателігін қайталамаймыз. Барлық жұмыс ашық жүргізіледі», – деді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді