Сауд Арабиясы мен Катар арасында қайтадан дипломатиялық жылымық орнамақ. Сауд Арабиясы өзінің Катарға бағыттаған бірқатар эмбарголарын алып тастауы мүмкін. Бұл туралы Кувейт СІМ басшысы жасаған мәлімдемеден белгілі болды.
2017 жылы жаз әлем есінде «Катар дағдарысы» деген дипломатиялық дағдарыспен есте қалған болатын. Сауд Арабиясы бастаған бірқатар араб елдері мен Катар арасында дипломатиялық байланыстар үзіліп, сауда байланыстары да тоқтаған болатын. Сауд Арабиясы, Мысыр, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірлігі қатарлы араб елдері Катарды терроризмге қолдау көрсетеді деп айыптаған, Доха болса бұл айыпты жоққа шығарған еді.
Араб елдерінің Катарға қарсы шектеулерінің алынғаны туралы хабарды Кувейт СІМ басшысы Ахмед Насер Ас-Сабах бір күн бұрын елдегі мемлекеттік телеарнадан мәлімдеді. «Бүгін түнде Сауд Арабиясы мен Катар арасындағы әуе, құрлық және теңіз шекараларын ашу туралы келісім жасалды», – деген Ас-Сабах.
Оның айтуынша, бұл келісім сейсенбіде Сауд Арабиясы өткізген Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің саммитінде жасалған. Саммитке Катардың жоғары лауазымдылары да қатысқан. Бұл «Катар дағдарысынан» бері екі ел лауазымдыларының алғаш кездесуі.
Осы арада Катар мен өзге араб елдері арасындағы даудың шешім табуына Кувейт пен АҚШ-тың ара ағайындық жасағанын айта кету керек. Кезекті саммитте қол қойылатын жаңа келісімге АҚШ лауазымдылары да қатысатыны белгілі болды. Уашингтонның пікірінше, араб елдері арасындағы бұндай дау Парсы шығанағындағы онсызда басым Иран ықпалын тіпті де күшейтіп жібереді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы