Сейсенбі, 22 желтоқсан күні Денсаулық сақтау министрлігі Елорда мен БҚО-ның сары аймаққа кіргенін хабарлады.
Ресми дерекке сәйкес, бүгінгі таңда Атырау облысы – қызыл, Қостанай, Ақмола, СҚО, БҚО, Павлодар облыстары мен астана – сары аймаққа енген. Өзге өңірлер әзірге жасыл аймақта. Осылайша жеті өңірде коронавирус жұқтыру қатері жойылмағанын көруге болады.
Министрлік елдегі коронавирустың таралуына байланысты қараша айынан бастап өңірлерді жасыл, сары және қызыл аймақтарға бөліп қарастырып келеді.
Әр түс өзінше карантин шектеулерінің нормаларын бекітеді. Жасыл аймақтағы өңірлерде санитарлық талаптар сақталғанымен, қатаң шектеулер міндеттелмейді. Тек сары және қызыл жолақтағы өңірлерде деңгейіне қарай шектеу шарасы күшейтіледі.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы