АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесі дау-шарға ұласып жатқанына қарамастан АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео бірқатар Еуропа және Орта Шығыс елдерін аралап жүр. Апта соңында ат басын Парсы шығанағына тіреген Помпео Катар әмірі Тамим ибн Хамид әл-Сани Помпеомен кездесді.
Помпое әл-Санимен халықаралық, өңірлік проблемаларды талқылап, АҚШ пен Катардың қарым-қатынасын дамытуды тақырып еткен кеңес өткізді. Сөйлесу кезінде Иран, Ауғанстан мәселелері де сөз болды.
SANA агенттігінің хабарына қарағанда әл-Сани мен Помпео өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жоба-жоспарлардың қатарына жаңа жоспарларды енгізу туралы талқылаған. АҚШ пен Катар билігі арасында нақты қандай жоспарлар жасалып жатқаны туралы анық мәлімет жоқ. Дегенмен, өңірде АҚШ әскерлерінің кескін қысқаруымен Уашингтонның Орта-Шығыс саясатында өзгерістердің болып жатқанын шамалауға болады.
Помпео кезекті сапарын Франциядан бастаған болатын, артынша Түркия, Грузия қатарлы бірқатар елдерде ресми сапарда болды.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес