Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты қызметінен кетуге ниетті емес екенін мәлімдеді. Бұл туралы онлайн-конференция кезінде айтты.
Пашинян сөзінде: «Мен үшін елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәселе бар. Басқа мәселелер жоқ. Бастапқы кезде мен үшін бейбіт тұрғындардың амандығы маңызды болды. Сондықтан да осындай шешім қабылдадым. Бұл жағдайға байланысты отставкаға кету ойымда жоқ», – деді.
Сонымен қатар, Пашинян республиканың оппозициясын халықты қарулы күрес пен қақтығыстарға шақырмауды талап етті.
10 қарашада Әзірбайжан, Армения және Ресей Таулы Карабақтағы әскери қимылдарды тоқтату туралы келісімге қол қойған. Уағдаластық бүгіннен бастап күшіне енді. Құжатқа сәйкес аймаққа Ресей бітімгерлері кіргізіліп, Армения Әзірбайжанға 20 қарашаға дейін Агдам және Газах ауданында армяндардың қолындағы жерді қайтарып беруге келісті.
Армения премьер-министрі келісім туралы жариялай салысымен Ереванда толқулар басталды. Үкімет басшысының шешіміне наразылық танытқан жүздеген адам Еревандағы үкімет үйіне басып кіріп, парламент спикерін тепкіге жықты.
Биыл 27 қыркүйекте Таулы Қарабақ үшін қақтығыс қайта басталып, мыңдаған адам қайтыс болды. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар. Екі тарап үш рет атысты тоқтату туралы келісімге келгенімен, бұл келісім сақталмады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді