Сенбіде өткен Грузиядағы парламент сайлауынан кейін наразылық шаралары күшейді. Ресми мәліметтер бойынша сайлауда қазіргі биліктегі "Грузия арманы" партиясы басым дауысқа ие болған. Алайда, оппозиция сайлау қорытындысына разы емес екенін білдіріп, жақтастарын алаңға шақырған.
Наразылық шарасы жексенбі күні Тблисидің орталығындағы Парламент ғимараты алдында басталды. Оппозиция жақтастары сайлау нәтижесі бұрмаланды деп санайды, ал, билік партиясы болса бұл демократияға деген тағы бір зор қадам деп білдірді.
Грузия премьері Георгий Бахария жаһандық індетке қарамастан сайлауға бақылаушылық еткен халықаралық бақылаушыларға алғысын білдіріп жатты. Ол және қазіргі қиыншылықтарға қарамай Грузия ашық әрі әділ сайлау өткізгенін мәлімдеді.
Елдегі ОСК мәліметіне сенсек, биліктегі "Грузия арманы – Демократиялық Грузия" партиясы 48,15 пайызды, оған оппозиция "Біріккен ұлттық қозғалыс партиясы" 27,14 пайыз дауысқа ие болған.
Грузи елдіндегі кезекті сайлау бұрынғыдан өзгеше түзімде өтті. Бұрынғы 70 депутаттың орнына 120 депутатты пропорционалды жолмен талдап шықты. Оған қоса партияларға берілген пайыздық шек 5-тен бірге азайтылған болатын. Бұл ұсақ партиялардың да парламенттен орын алуына мүмкіндік береді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес