Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Бішкектегі түрмеде аштық жариялады. Бұл туралы бұрынғы мемлекет басшысының адвокаты Сергей Слесарев хабарлады.
«Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторынан Бішкектегі SIZO-1-ге ауыстырды. Бұған қарсылық ретінде ол аштық жариялады. Қазір Атамбаев бұрын өлім жазасына кесілгендер қамаған жертөледе жатыр. Экс-президенттің денсаулығына алаңдаушылық білдіреміз», – деді адвокат.
Жемқорлық бабы бойынша сотталған Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев пен бірқатар саясаткерлер, оның ішінде бұрынғы премьер-министр Садыр Жапаров, Жантөрө Сатыбалдиев пен Сапар Исаков республикада парламенттік сайлаудан кейін 5-6 қазанда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде босатылды. Кейіннен парламенттік сайлау нәтижелерін Орталық сайлау комиссиясы жарамсыз деп таныды.
9 қазанда Бішкекте Атамбаевтың жақтастары митинг өткізді. Митингте мәлімдеме жасаған Атамбаев елде болып жатқан оқиғаны «үшінші революция» деп атап, экс-президент Сооронбай Жээнбековті айыптады және жаңа сайлау өткізуді талап етті.
10 қазанда экс-президентке құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне күш қолдану, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, кісі өлтіруді ұйымдастыру, кісі өлтіруге оқталу, кепілге алуды ұйымдастыру, қылмыстық топ мүшесі Батукаевты түрмеден заңсыз босату, сыбайлас жемқорлық, Бішкек жылу электр орталығын қалпына келтіру кезінде сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен қайта қамауға алынды. Сонымен қатар Атамбаевқа Бішкектегі «Форум» өндірістік тобымен заңсыз мәміле жасау, Қой-Таш кенті, Ыстықкөл және Жалал-Абад облыстарындағы жерді заңсыз иемденді деген айыптар тағылған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді