АҚШ Жапония территориясында америкалық әскери базаларды ұстау шығындарын бөлу туралы келіссөздерді бастады. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.
Тараптар Токио мен Уашингтон арасындағы шығындарды 2021 жылдан бастап бес жылдық кезеңге бөлуді талқылап жатыр. Сонымен бірге екі ел үкіметтері бір жыл мерзімге әскери базаларға қаражат бөлу туралы келісім жасасуды да қарастырған. Бұл келіссөздер АҚШ-тағы президент сайлауы аяқталғаннан кейін қарашада жүзеге асуы тиіс.
Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы көмекшісі Джон Болтон 2019 жылы Уашингтон Токиодан америкалық әскери базаларды қоюға жыл сайын 8 миллиард доллар бөлуді талап еткенін айтқан. Бұл сома қазіргіден 4,4 есе көп. Болтонның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп шығындар көбейтілмесе, америкалық сарбаздарды Жапониядан толық шығаратынын айтқан.
Биыл Жапония Американың әскери базаларын өз аумағында қою үшін жалпы шығыны 199,3 миллиард иен болған (қазіргі бағам бойынша 1,8 миллиард доллардан астам). Жапония, атап айтқанда, осы объектілерге байланысты барлық коммуналдық шығындарды, сондай-ақ олардың жергілікті қызметкерлерінің жалақыларын төлейді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел