Эпидемиологиялық ахуладың нашарлауына байланысты Францияның бірқатар өңірінде коменданттық сағат енгізілді. Бұл туралы The Guardian хабарлады.
Ереже бойынша, сағат 21.00-06.00 аралығында тұрғындарға сыртқа шығуға қатаң тыйым салынады. Тәртіпке бағынбағандар бірінші рет ереже бұзса 135 еуро көлемінде, ал екінші қайтара тіркелсе 6 500 еуро айыппұл төлейді. Мұнымен қоса, кинотеатр, театр, кафе-барлардың жұмыс уақытына шектеу енгізіледі.
Жаңа қаулыны бекіткен Франция президенті Эммануэль Макрон: «Біз коменданттық сағат режимін енгізу арқылы елдің 9 аймағында коронавирустың таралуын тежемекпіз. Ал туған күнді атау өту секілді сауық кештері керісінше инфекцияның таралуына жол ашады», – дейді.
Қоғамдық көліктер қызметін тоқтатпайды. Тек жүру кестесі ғана қысқарады. Тәртіптің қатаң сақталуын жергілікті полицейлер қадағалайтын болады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел