Қытайдың Чиңдау (Циндао) қаласында коронавирус жұқтырғандар анықталуда. Ел билігі қаланың 9 миллион тұрғынын толықтай коронавирусты анықтау тестінен өткізбек.
Ресми мәліметтерге қарағанда, коронавирус шетелден қайтып келген азаматтары арасында байқалған. Қала тұрғындарын толық тестілеуден өткізу бұған дейін Ухан қаласында болған еді. Мамыр айында Ухандағы 11 млн шамасындағы қала тұрғыны тесттен өткен еді.
Чиңдау қаласының Денсаулық сақтау басқармасы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында коронавирус жұқтырған 6 адамның анықталғанын, тағы 6 адамның симптомсыз екенін хабарлады. Вирусқа шалдыққандар саны аз болса да, әрі оның бәрі бақылауға алынса да қалада тестілеу өтпек.
Қытай қазір коронавирусты қатты бақылауға алып тұр. Қытаймен салыстырғанда АҚШ пен Еуропада вирус біршама кең тарап кеткен. Дегенмен, Қытай өзінің авторитарлық режимі арқылы коронавирусты бақылауға алуды имиджі үшін пайдаланып отырғаны да байқалады.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау