АҚШ қытайлық Еуропа елдерін Huawei компаниясын жергілікті 5G желісінің құрылысына қатысуын шектеуге шақырды. Ресми Уашингтон Huawei бұл жобаға қатысар болса, НАТО қауіпсіздігіне қауіп төнеді деп ескертті.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің экономикалық даму, энергетика және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік хатшысының орынбасары Кит Крач биыл алғаш сапарын Еуропаға жасап, карі құрлыққа жоғарыда аталған ескертуді жасады. Қазіргі уақытта Германия мен Италия Huawei-ге жаңа буын байланыс желісін салуға рұқсат беру мәселені қарастыруда.
Крач Германияда Маршалл қоры ұйымдастырған іс-шараға қатысып, Huawei «Қытайдың адам құқығын бұзу құралы» екенін және «жаңа технология бойынша комунистерге жұмыс жасайтынын» атап өтті. Ол Еуропа елдеріне тек финляндиялық Nokia және Швецияның Ericsson компанияларының өнімдерін пайдалануға кеңес берді.
Крач: «Huawei және ZTE сияқты сенімсіз және қауіпті қытайлық компанияларға инфрақұрылымның маңызды бөлігін беру, қару-жарақпен қамтамасыз ету немесе қытайлық әскерилерге технология жетістіктерін бергенмен бірдей»,- деді.
Крач бұл мәселені Германия үкімет басшылармен және бизнесмендермен талқылаған, сонымен қатар Huawei-ді Бейжіңнің Гонконг саясаты мен Шыңжаңдағы геноцид саясатымен байланыстырды.
Еуропа елдерінен Ұлыбритания мен Франция Huawei компаниясына тыйым салған болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр