Трамп үкіметі Қытай билігінің Шыңжаңдағы мұсылман азшылыққа деген қатал мәмілесін тоқтату үшін қысымды күшейту үстінде. Бұл рет АҚШ Шыңжаңда өндірілетін негізгі тауарларды импорт етуге шектеу қою шарасын қабылдаған. Бұған тауарлар жұмысшыларды мәжбүрлі жұмыс істету арқылы өндіріледі деген айыптау себеп болған.
Құрама Штаттар жасаған бұл қадам Шыңжаңның азық-түлік пен киім-кешек өндірісіне кері әсерін тигізбек. Құрама Штаттарға кіруге шектеу қойылған тауарлар қатарында мақта мен қызанақ та бар. Бұл екі туар Қытай ең көп экспорт ететін ауыл шаруашылық өнімі, әрі Қытай бойынша өзге аймақтарға салыстырғанда Шыңжаңда көбірек өндіріледі. Әсіресе, Қытай әлемнің 20 пайыз мақтасын өндіреді, оның басым көбі Шыңжаңда өндіріледі. Қытайдың өндіріс өнеркәсібі үшін маңызды болған өнімдер де бар.
Соңғы жылдары Қытай үкіметі терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес желеуімен Шынжаңдағы түркі халықтарына қатаң саясат ұстанып келеді. Шыңжаңдағы «тәрбие лагерлерінде» (ресми Бейжің «білім беру орталықтары» деп атайды) 1 млн шамасында ұйғыр, қазақ және қырғыз секілді ұлт өкілдері қамалып жатқанын, олардың сотсыз еркіндігінен ажыратылғанын Бейжің билігі жоққа шығарып келеді.
Биыл жыл басында АҚШ палата өкілдері Шыңжаңда өндірілген тауарларды мәжбүрлі еңбек арқылы өндірген деп танитын заң шығару туралы ұсыныс білдірген. Егерде жеке компаниялар Шыңжаң өнімдерін экспорт ететін болса, өнімнің мәжбүрлі еңбекпен өндірілмегені туралы дәлелдеуіне тура келеді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес