Төрт жылда бір рет өтетін әлемдік ең үлкен спорт додасы – Олимпиада ойынары биыл жазда Жапонияда өткізіледі деп жоспарланған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты Олимпиада уақыты келесі жылға шегерілген болатын.
ВВС агенттігіне Жапонияның Олимпиада және Паралимпиада істері бойынша министрі Сэйко Хасимото әлемді жайлаған індеттің беті қайтпаса да, жарыс 2021 жылы өткізілетінін айтқан. Хасимото сөзінде: «Олимпиадаға ұйымдастырушылар да, спортшылар да жақсы дайындалды. Біз бұл шаранықайткен күнде де өткізуіміз керек. Санитария талаптары қатаң сақталып, әр қатысушының денсаулығы бақылауда болады», – деді.
Шетелдік басылымдар егер Токио Олимпиадасы екі жылға кейінге қалдырылса, қысқы Олимпиада 2022 жылы Бейжіңде ұйымдастырылады деп жазған. Сол жылы жазда Токиода жазғы Олимпиада өтпек. Әлем кубогы жыл соңына белгіленген.
Халықаралық Олимпиада комитеті бұған дейін Токиода өтетін шара бұрын жоспарланғандай 24 шілдеде өтетді деген. Кейіннен аталған комитеттің вице-президенті Джон Коутс: «Олимпиада коронавирус тоқтамаса даұйымдастырылатын болады. Жарыс 2021 жылдың 23 шілдесінде басталады. Бұл жарыс – COVID-19 вирусына қарсы шыққан алғашқы шара болады», – деген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді